1) Мен сені сүйемін,
жек көре отырып...
Аңсайды жүрек
сол сәттерді еске алып.
Санаммен сезем -
уақытша кеттің басқамен.
Қалайша мені
ұмыта алдың бірден сен?
Қайырмасы:
Жоқ! келме сен қайтып маған!
Сенсіз өмір бұл бір жалған,
махабаттых отын өшірген...
Жоқ! сен қайтып келші маған!
Айтпа енді сөздер жалған,
жүрегімнен сені өшірген.
2) Қалайша ұмыттың
алғашқы сезімді,
айлы түндерді,
бірге жүрген кездерді?
Түсіне алмаймын -
неліктен жат болдық маған?
Сені қимаймын,
Қош бол, махаббат арман..
Қайырмасы
Мен сені сүйемін,
жек көре отырып, жаным...
Сағындым сені, күлкіңді, көзіңді, өзіңді...