Бұл маған ұнайды рас
Таңдағаным осы достым
Тастауға оны қимаймын
Онсыз өмір қалар бос боп
Достық мәңгірек менен
Бөлінуге себеп барма
Болғанымен бәрібір де бөлінбеймін
Кемел алда
Бұл маған ұнайды я
Талғамым муны тыңдайды
Өмірді парақтар құрайды
Мейлі кімсің парақтар шимайла
Ойымды жинаймын
Сөздерді құраймын
Бір бетке симайды
Күндер өтіп поэма жырлаймын
Ақынның күні басқа
Адаммын өнердегі
Өлең жазып шыбытпен
Сұр түстерді көгертемін
Маған ұнайды
Жарық күннің жылуы
Бақытты құраймын
Оңай емес жылыну
Қиын кезде көмектесер
Ұнатқанның бәрі де
Әрине талғамың
Жақсы болса әркімге
Махаббаты жақындардың
Жарыққа шықырады
Мен әлі де ұнатамын
Мұның бәрін сағынамын
Көз-қарасын сүйгенімнің
Қуанып күлгенін де
Әрбір өткен күндерімде
Тырыспаймын түн еруге
Ұнатамын болашақты
Тосын сиын силаған
Мейлі бақыт Мейлі қайғы
Түбі жақсы иланам
Бір ғажабы өмірдің
Бет бұрып құбылаға
Амал қылып көрсеңші
Сонда жүзің құбылама
Кез сенде әр түрлі
Ұнатасың шимайды
Керегін жүрек тыңдайды
Қайсысы шынайы
Маған ұнайды
Қуанса егер жан жағым
Маған ұнайды
Орындалса арманым
Кекеттіктер жоғалып
Бүтін болса қолдағы
Маған ұнайды
Бірге болса сүйгенім
Маған ұнайды
Жас баладай күлгенім
Мен және ол
Сезім үшін бұл белгі
Маған ұнайды
Еріндері түндегі
Маған ұнайды
Анашымды қуанту
Мәңгілік бола болсам
Көрсе күннің шуағын
Сәбиі болып жылаған
Сол күндерім өткен
Маған ұнайды
Гүлденетін көктем
Бірге болатын уақыт
Солармен табамын бақыт
Аман болса туғандарым
Таусылмаса ақындай шабыт
Жұлдызы жанып
Бірге ұстап бір бақыт
Маған ұнайды
Тнып жатса халық
Сені кімдер қолдайды
Ойламадым ондайды
Бауырларым маған
Адал құрметімді жолдаймын
Сынаққа тоймаймын
Болса бойда әлім
Қызығы мен шұжығы
Өмірдің бұл мәні
Маған ұнайды
Асу Асу белестен
Мойыма жалғандықтан
Бұл әлемде кездескен
Маған ұнайды
Кетпесе бойдан иманым
Иә Аллам сақтай гөр
Құлдарыңды жиналған