Әні: Мақсым Менкешов,
Сөзі: Жақсылық Айжанов
Орындайтын: Мархаба Сәбиева
Құстармен қоштасу
1. көгілдір жаққа қанатын қаққан тырналар,
Жазира жаздан жеткізер қашан бір хабар,
Маңдайы жіпсіп мамырлап жатқан таулардан
Бауырын жазып бұлқынар қашан жылғалар.
Аа-аа-аа
Жолдарың болсын жанары моншақ жыл кұсым,
Жүректен шыққан жырымның адал құрбысы,
Жусанды жазды тезірек алып жетіңдер,
Жат елдің егер жайсыздау болса тынысы.
2 Көгілдір жақтан еседі сыршыл бір екпін,
Пернесін басып күмбірлеп тұрған жүректің,
Алатауыма алқынып жетер ақ қанат,
Алақаныма келеді сені түнеткім.
Аа-аа-аа
Ұшыңдар самғап шуақты шым-шым шақ өткен,
Сендердей болар атамекенін ән еткен,
Айшылық жерге аттандырып- ақ салар ем,
Қанатым талмай, қанатым менің жоқ әттең