Жаныңа салып сенің байқамай мұң
Сүйемін деп те сирек қайталаймын
Қасымда жүрген соң
Биіктігіңді де Көп байқамаймын
Соқтырсада қатал күндер ызғарын
Қабағыңды маған мүлде бұзбадың
Жүзікпен емес біз
Жүректерімізбен біргеміз жаным
Ханшайымым-ау
Жүрегімменен ошағымның иесі
Шаңырағыммен шаттығымның киесі
Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің
Ханшайымым-ау
Бағымды менің жалғыз өзің еселер
Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер
Бағыңа жетпей жатсам егер кей кезде
Сен кеше көр
2)Басымдыда өзің төрге сүйреген
Ешбір адам мені сендей сүймеген
Тілегім сол ғана
Өмірлік біздерді
Бөлмесін деген