ALBAN
Махаббатым кетті түзу жолды жұлып
Жүректе сақталмады саған сенген құлып
Көз жасым ағарып, көңілімде босап
Айдын артқа емес ол тек алға басады
Басқа қыздар көрсем жасаймын бұрылыс
Сенің бейнеңе жетпейді еш құбылыс
Сенің мөлдір көзің артық емес ғарыштан
Сен қасымда болсаң мен қатты рахаттанамын
Көз алдымнан менің сұлу жүзің кетпейді
Сөздерім өтпейді жүрегім кет дейді
Сүйіктім басқа қыздар өзіне жетпейді
Қайта атылған оқ артқа қарай келмейді
***
Kuka
Қалдым жалғыз өзім сүйіктім жалғыз сырап
Сен кеттің басқамен мені ұмытып алыссырап
Аспанда мұңайып жаңбыр жауды себелеп
Кім мені жұбатады айтшы маған кім керек
Есіңдеме жаным қол ұстасып бірге жүрген
Бахытты күндер бірге жүріп бірге күлген
Айталмадым саған сол бір сөзді
Жүректе қалып қойған сүйіктім суйем деген
Сүйіктім босат мені сен мені ұмытсаңда
Сүйіктім босат мені жүректі суытсаңда
Сүйіктім босат мені мен сендік болмасам да
Суретіме қарап қой сүйіктім анда-санда
***
Baha
Ойлана отырып келдім бір шешімдерге
іздеген бахытың менде емес өзгеде
менің жолым бөлек сенікі басқамен
қолымыздан келмеді қарауға кешіріммен
енді арамыз алыс саған қарап тұрсамда
сен мені сүесің басқамен жақын болсаңда
мүмкін керісінше дұрыс емес айтқаным
үлкен қате екен саған қайта қайтқаным
жүрегім көрмейді сені тұрсаңда алдымда
сен мені сүйдіңбе әлде жай алдадың ба?
алматы үлкен қала мүмкін біз кездеспейміз
қайта бірге болып қайтадан жүздеспейміз
ортақ шешім бізге жай ғана таныспыз
қоштасайық жаным сенің көз жасыңсыз
мен сені жіберемін сенде мені босат
артық сөз керек емес болды жаным тоқтат
***
Сүйіктім босат мені сен мені ұмытсаңда
Сүйіктім босат мені жүректі суытсаңда
Сүйіктім босат мені мен сендік болмасам да
Суретіме қарап қой сүйіктім анда-санда