1.Қолыма қалам алып жазып отырмын осы өлеңді
Өткенді еске алып айтамын көп сырларды
Міржақып Дулат ұлы Ахметтей дана туған
Алтын бесік, сары далам,өзің деп рэпті жазам
Табиғаты өзгеше айнала түгел қураған
Топырығы жарылып жаңбыр мол жаумаған
Жолдары бар әр қилы кезкелген көлік жүрмес
Ауа райы өте ыстық жаңбырдың өзі қашқан
Құстары бар көрікті жапалық,қара құсы
Өзен –көлді шулатқан үйрек,аққу-қазы
Даланың атаулары өзіне сай жарасымды
Биік қырлар,жазық алаң және ала сорлары
Күн нұрындай таусылмас емдік қасиеті
Бұл судың қара лайы тамаша бір әсерлі
Қысы-жазы ағатын еш қашан таусылмайтын
Осындай Тентексайдың ыстық суын айтамын
Торғай өңіріндегі ең үлкен айдынды көл
Ақсазандай толықсып,жалтыраған Ақкөл
Толқын құлатып шыңдарды қайта өзі құрайтын
Сазандары еркіндікпен тайдай тулайтын
Қазіргі кезде жағадан су тым талыстап кетті
Құрғақшылықпен өзендер бір-бірінен бөлінді
Қарасор,Алақамыс жәнеде Ұзынсор
Ақкөліме су келсе екен тілегім менің сол
Ақкөліме су келсе екен тілегім менің сол
2.Шопандар малын жайған кезінде осы далада
Жылқылар шаңын шығарып ойқастаған бұл далада
Көктемде айнала жасыл кілемге төселіп
Қуаныш пен сылулық асырсалд бұл далада
Сары даланың еркелері көліктің алдын орап
Топ-тобымен жүргенде ауыл маңына жолап
Оларды көргенде шабытым оянады
Мөлдіреген көздері көз жауынын алады
Киіктердің жаулары көп бұл нағыз ақиқат2
Көкте Құдай барекенін жүрген жоқ олар ойлап
Бір Алла көріп тұр қатыгездік істерін
Киіктің киесі ауыр соққы болып қайтад 2
Даланың сәнін келдірер тау-тасымыз жоқ әрине3
Жайқалып жатқан ағаштар орман тоғай жоқ әрине
Сары дала қан сасыса қиналады жер ана
Елестетіп көзімізге бөкендерді болашақта 2