Ақылды пенде ауыр дертіне ем іздейд(і)
Себебі ешкімді өмір емізбейд(і)
Сені көрінбейд(і) көре алмастағыңа іздегенің дәрі
Әйтеуір мінсіз бәрі
Ел аузындағы екі кейіпкер бізге пағыны барад(ы)
Сен армандаған биіктер
Сенімен қатарын толтырып бастады қостасып фейктер
Рэпке келесіде юбкаңды шешіп шалбар киіп кел
Мені жаманда мен одан сайын өсем
Қаржау өзені рэпке билік беретін көсем
Болды таласпа оны халық сараптад(ы)
"Қайда марапатым э?"
Күн түн парағыма қарап бойымды күзетті
Құрметің құрмасын егер де болғың келсе құрметі
Сүйретіле бер мен сүйрей берем
Тек біздерде би хауар мылқау және соқырмен келем
Қайырмасы:
Жер домалап қайда барад(ы)?
Сүйегім қалар екен қай далада?
Қарап отырып айналаға
Көз қарасы майдаланад(ы)...
Әңгіме айтылғанда оны тыңдайд(ы)
Жатсада миың қиналып оны қорыта алмай
Адамдардың бара жатыр жүрмеген жолы қалмай
Айтқанымды жасап берш(і) тек әні құлата алмай
Ерікпеш(і) ерігіп денемді билете алмайм(ын)
Қолға ақша түсе сала Меккеге билет алмайм(ын)
Жалған жылдарым көз алдымда өртеніп барад(ы)
Уақыт асықпашы мақсатқа жетіп алайық
Адасқан адамдардың арасында адасып келем
Өмір сүріп көріп түсініп біліп
Менен түк іздеме миым шатасып келед(і)
Жылағанға жылап күлгенге күліп
Жалған сағаттар адамды әуреге салатын
Жалған жылдар жылжыған адамды өлтіріп алатын
Тырнақтың астына жиналған артыңның кірі
Іріп кетесің сөйлеме ірі ірі...