Анашым
Өзіңді ойлап отырмын мен анашым,
Мейріміңе таң қаламын данасың.
Қанша жылу көрсемдағы өзгеден,
Сендей жылу бере алмайды дарасың.
Қайырмасы;
Мен сені сағындым ғой анашым,
Сендей маған болмайды жан ашыр.
Асылым ардақтым жолыңда жан құрбан
Өшпестей мәңгілік жүректе жанасың.
Ақ сүт берген,асыл анам ардақтым,
Сәл кешіксем қарайлайтын жол жақты,
Мәңгі сені аялайын анашым,
Тілеймін мен тек өзіңе бакытты
Қайырмасы;
Мен сені сағындым ғой анашым,
Сендей маған болмайды жан ашыр.
Асылым ардақтым жолыңда жан құрбан
Өшпестей мәңгілік жүректе жанасың.