Түнгі осы уақытта сені естігім келеді
Бірақта тәтті түстер жібермес сені
Ботақан қайырлы түн жалпы тілегім келгені
Енді күнде осы өленмен ұйқыға бөленші
Аспандағы жаңбыр тоқтамайды осы түнде
Менің шабытым келеді сіркіреген үнмен
Қасында болып қазір сыбырлағым келеді
Енді алдағы өмірде сенімен сеземін
Қателік болмасыншы кезекті сезіммен
Деп айтқысы келеді жалына жүрегім
Кешегі арманым бүгін мен ән жазамын
Сұрақ қоятын едім қашан танысамын
Оралмайтын мүмкіндік жібермеуге мен тырыстым
Өмірімде бірінші рет күшейді ұмтылысым
Қыз үшін бұндай болмады өзімді жақсы білсем
Саған қарай жүгірдім тыпырлап астан кестен
Сені көрмесем бүгін естімесем бір күн
Жүрегім орын таппайды білесін ба жаным
Қасында боламын мәнгіге сөздер берейін
Екеумізді айырмас қатал тағдырдын тірегі
Іздемей ақ алдымнан табылған жарты бөлігім
Сенің көркем жүзін мінезін тәтті қылығын
Осы дүниедегі менің жалғыз еркемсін
Бөпемсін қатты қатты сағындым сені көкесі
Әр бір басылған қадам саған қарай ұмтылған
Бүреудін өсектері қызық емес маған
Ішімдегіні жеткізу үшін бұл өлен жетпес
Саған өшпес сезімімді ешкім өшіріп кетпес
Бір шама жолда алдандым шаршадым құладым
Тағдырым сені тауып бір өзінмен тоқтадым
Тұған анама дейін біледі екеуміз тұралы
Кешірші өзін жайлы айтпауды шыдай алмадым