Талдан таяқ жас бала таянбайды
Бала бүркіт түлкіден аянбайды
Угай-ай,
Ән салшы-ай,
Бір бала-ай.
Қос етек бұран бел,
Қуалай соғар қоныр жел.
Айналайын қарағым, келдің қайдан,
Алма мойын, ала үйрек ұшар сайдан.
Ән салшы-ай,
Бір бала-ай.
Ән салшы-ай,
Бір бала-ай.
Қос етек бұран бел,
Қуалай соғар қоныр жел.
Елдін көркі, ақ тоты бір баласын,
Қай дұшпан көзі қиып жамандайды.
Мекеніңді қарағым, айтып қойшы.
Жат болмағы адамның осындайдан.
Қос етек бұран бел,
Қуалай соғар қоныр жел.