1)Қуанышқа бөлеп туыс, жақын достарды
Қол ұстасқан екі жастың тойы басталды
Орнымыздан көтеріліп құрмет көрсетіп
Қол соғайық қарсы алайық қәне жастарды
Қ/сы
Ән салып-ақ тілек тілейік,биде билеп ойнап күлейік
Әсем әуен жүректі тербеп қуаныш кернеп тату-тәтті өмір сүрейік.
2)Шаттанғаннан жүрек шіркін дүрсіл қағады
Құтты болсын ғашықтардың басқан қадамы
Алаулаған махаббаттың отын маздатып
Тату болса бұл өмірде бақыт табады.
Қ/сы
3)Келін алу,Қыз ұзату қандай ғажайып
Ақ тілегін жаудырады келген халайық
Қанат қаққан жұбын тапқан гүлдей жастарды
Ең бақытты сәттеріне куә болайық.