Суық сөздер -
Оқтан да бетер
Жанымды жаралайды терең,
Таба алмай емін оның бірден
Іздеумен келем.
Қаламаймын күлкі болғанымды
Өзгенің алдында,
Тек сұраймын ойланғаныңды
Сөзді сөйлер алдында!
Сөз - Оқ,
Ем - Жоқ.
Назарыңнан тарылып демім,
Қамалғандаймын торға темір.
Құтқарар мені бұл қамаудан тек сенің,
Тек сенің жылы сөздерің.
Қаламаймын күлкі болғанымды
Өзгенің алдында,
Тек сұраймын ойланғаныңды
Ойлан сөйлер алдында!
Сөз - Оқ,
Ем…
Айтылған сөз - атылған оқ.
Қаламаймын күлкі болғанымды…
Қаламаймын күлкі болғанымды…
Қаламаймын күлкі болғанымды
Өзгенің алдында,
Тек сұраймын ойланғаныңды
Сөзді сөйлер алдында!
Сөз - Оқ,
Ем…
Сөз - Оқ,
Ем - Жоқ!