Ұйқысыз түнде,
Ойым тек сенде,
Сені сағынам...
Қарап суретке,
Түсірем еске,
Сенсіз жабығам...
Алыстадың қайда?!
Ұшып жетем қалайда?!
Ғарышқа,
Кеткендейсің алыстап
Жаныңа,
Жақындайтын жол бар ма?!
Тек сені ойлап,,
Ұйқысыз қанша
Өтер түндерім...
Қарамай жолға,
Шақырымдарға,
Мәңгі біргемін.
Алыстадың қайда?!
Ұшып жетем қалайда?!
Ғарышқа,
Кеткендейсің алыстап
Жаныңа,
Жақындайтын жол бар ма?!
Жанымнан алыс кетсең де,
Сезімім менің тек сенде.
Күтемін аңсап, жүрегіммен сені сағынам...
Алыстадың қайда?!
Ұшып жетем қалайда?!