#Danabi
Қос жанарымды жауладың шынайы күлкіңменен.
Періштені бұрын соңды көрмегем жер бетінен.
Арамыз алыс болса да жанменен біргеміз
Сәті түссе әлі бір рет болсын көрісерміз
Қадамым баяулауда күннен күнге
Ұйқысыз өтті талай айлы түндер
Жаным да маза таппай өртеніп барады
Қалайша өртенбейді қалайша жүрегім маза табады
Санам да уланып сезімге толық бағынды
Қан жылап біреуді қатты сағынды
Сол жанмен мәңгілікке қосшы деп
Жаратушы иеге жалынды
Адамзат өзгерсе де менен теріс айналмашы.
Одан да шынайы ғашық көздеріме қарашы.
Ол көздер алдамайды сендей сұлу аруды
Ол көздер білмейді ғой алдауды
Қайырмасы
Сенімен атса деймін әрбір күн таңдары
Бағынады әлі бізге махаббаттын шыңдары
Болмайықшы екеуміз жалған өмір құрбаны
Жаратқан сыйласын бізге махаббаттың ұзағын
#Abumadi ( Ермади )
Ұнайды маған күлімсіреп қарағаның
Кей кезде маған ренжіп бұлданып тұрған қалпын
Жетпеген әлі ешкім жұлдыздар арасына
Жеткіземін тек менің қолымнан сен мықтап ұста
Күлкің ұнайды маған саған карай тартады мені
Сенің тәтті еріндеріңді сүйе бергім келеді
Тәп тәтті беттеріңді, кішкентай бөбектегідей
Талай айлы түндерді өткізгенмін көз ілмей
Өзіңе ғашықпын айталмаймын сөзбенен
Сөзбен жеткізу қиын менің махаббатым сен
Қалаймын сенің мені құшақтап сүйгеніңді
Мәңгі біз бірге болып өмір сүргенімізді
МР3 форматында жеткізем сезімімді
Білемін жеткізе алмаймын шынайы махаббатымды
Себебі сүйемін ешкім сүйе алмайтындай
Мен сен үшін РОМЕО сен менің Джульеттамдай
Қайырмасы
Сенімен атса деймін әрбір күн таңдары
Бағынады әлі бізге махаббаттын шыңдары
Болмайықшы екеуміз жалған өмір құрбаны
Жаратқан сыйласын бізге махаббаттың ұзағын