Lulu
Көз алмай соңыңнан еріп келем, қолын бұлғай беретін
Армансыз жер бетінен алыстағым, алыстағым келеді
Ari
Алдымнан сəуле шашып күн шығар
Басыма бақ қонардай боп тұрар
Қайдасың арманым?
Сені іздеп табамын ( оуу )
Mak
Елестейді тағы, тағы да
Көз алдымда əлде сағым ба?
Тұман басқан өмір жолында
Адастырма, адастырма
Lulu
Өкпелемеймін өткеніме
Өткенім елес боп кеткеніне
Жетемін мен, жаулаймын мен
Көздегенім көптеген белес
Диң-диң-диң!
Мына əлем мені улауда
Əлем жеті кереметі мені ғашық қылуда
Көңіл көтеріңкі, мұңаюға уақыт жоқ
Мұңаюға тіпті уақыттың қатысы жоқ
Ari
Алдымнан сəуле шашып күн шығар
Басыма бақ қонардай боп тұрар
Қайдасың арманым?
Сені іздеп табамын ( оуу )
Mak
Елестейді тағы, тағы да
Көз алдымда əлде сағым ба?
Тұман басқан өмір жолында
Адастырма, адастырма
Nara
Хей, тыңда, Nara-Nara мұнда
Менсіз мына жерде басталмайды дымда
Шыңға ( шыңға ) бірге шығайық
Бэй! Жолдан таймайық
Бізбен бірге белестерге көтеріл де, уайымдамай, күле бер де, мақсатыңа жет
Қараңғыда қиналсаң да, жығылсаң да, жыласаң да ешқашан да берілме сен тек
Mak&Nara
Айтшы маған ( айтшы маған )
Қандай арман ( қандай арман )
Кеудеңдегі нұрланған
Үміт үзбе, көрін көзбе
Бақыт сыйлармын енді бізге
( Бақыт сыйлап )
Mak&Ari
Елестейді тағы, тағы да
Көз алдымда əлде сағым ба?
Тұман басқан өмір жолында
Адастырма, адастырма
Nara
Адастырма бізді енді