Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Ауылыңа барушы едім даламенен
Түскенде сен есіме беу қарағым
Сағынып сарғаямын санаменен
Екі жирен, жалын түйген
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген
Ей, құрбым, сөз сөйлейін көрген жайдан
Айтпаймын күндер үз деп ақ сұңқардан
Көңілімде еш дауалық болмаған соң
Бойымда толып жатыр арыз, арман
Екі жирен, жалын түйген
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген
(Көзімнің қарасындай сәулем едің,
Көңілімнің, қуаныштың дәурені едің.
Келмейді келсем кеткім еш қасыңнан,
Басымды не сиқырмен әуреледің)