Мен жалғыз кетіп барамын, барамын
Бақыттың жолын қалайша табамын?
Күтсем де талып жанарым, жанарым
Бермеді ол хабарын
Мен жалғыз кетіп барамын, барамын
Өткен күндерден жүрекке түскен жара мың
Толтырды мұңның қаламы, қаламы
Сағыныш парағын.
Қинай бермеші,
Қинай бермеші.
Қимай кел деші.
[Қайырмасы:]
Жауабын бер,
Неге қалай?
Сөнеді оңай,
Алғашқы бір үміт.
Суыттын ба, ұмыттын ба?
Жауабын бер,
Толы арманға.
Жоғалған ба,
Сендегі жылылық?
Сезім қайда?
Сөзің қайда?
Қимастық мұңға бөледі, бөледі,
Алдында менің айыбым жоқ еді.
Махаббат жолын сұр тұман бөледі,
Айтарым көп еді.
Таусылып әттен амалым, амалым,
Қирата алмадым сағыныштың берік қамалын.
Бетке алып енді жалғыздық аралын,
Мен кетіп барамын.
Кінә қоймашы.
Кінә қоймашы,
Кейде ойлашы.
[Қайырмасы:]
Жауабын бер,
Неге қалай?
Сөнеді оңай,
Алғашқы бір үміт.
Суыттын ба, ұмыттын ба?
Жауабын бер,
Толы арманға.
Жоғалған ба,
Сендегі жылылық?
Сезім қайда?
Сөзің қайда?
Амал барма?
Елесіңнен көз алмаймын мен өзіңнің
Шарам бар ма?
Тұтқыным безе алмаймын сезімнен
Амалым бар ма?