Inspiration
[Apollo]
Барады датым, айтуға қатты,
Бәлкім, махаббаттан тағы таттым.
"...Сүймейм," - деген ұмытам антты,
Бұл ән саған, сағына тарттым.
Нышаным - мұз, музамда - мәңгі алау*,
Ойлап қалма, қалқам, емес жай ғана қалау.
Нәпсі емес, қалай анығырақ айтайын?
Уақыт пида етіп, онда отырам ба арнайы?
...Шырмады шабытым жазғытұрым
сыр.
Өзге ұлт өкілін ойлай, жақсы құрдым
жыр...
Көргелі жәннаттың дақылын,
Тек өлең жазуға жанады ақылым.
Қос жанарыма жолық енді бір мәрте,
Мен ірі, бірақ емес marte non arte.
Сұр апталар артта, күрт сені таптым,
Жүре-жүре жүрегіме кіріп, ине батты.
Инабаттым, сен - сән перісі,
Сәт боп, тұр, міне, мінезіміз келісіп.
Барады датым, айтуға қатты,
Бәлкім, махаббаттан тағы таттым.
"...Сүймейм," - деген ұмытам антты,
Бұл ән саған, сағына тарттым.
*Оны әзірбайжан елінің нышаны (елтаңбаларында орын алған) - мәңгі алауға баладым.