Сәлем жаным, алтыным, жағдайыңды тағы сұрайын
Бізді бөлгісі келмейді рас көктегі Құдайым
Сен деп басталған шумақтар шегін таба алмады әлі
Жанымда болсаң болды керек емес қалғаны
Өзің деп жыр жазып ем алғашқы рет көктемде
Күн шуағы шабытыма бөлек нұрын төккен бе
Ақкөңілсің рұқсат берер сұрасам егер қалағанды
Дейді көбі:"бұл бақытты екеуіңде бағалаңдар!"
Өзің болдың құлшынысым, шабытым да өнерге
Сезімімді жеткіземін бір өзіңе өлеңмен
Айнала да тамсанып тұр, біз оларға қарағандай
Қалайша кете аламыз бақыт бағын араламай?
Өзге саған тең келмейді, ерекшесің жеке дара
Алыстасың менен біраз айтшы саған қалай барам?
Сезімімді жеткізуге жетпид тағы батылым
Түүш сені сүйем, алтыным
Жүректі жаралама,
Өзгеге сені бермим.
Көңілге қаяу салма
Қалмашы тек үндемей.
Жанымда бол сұрарым,
Қажет емес өзгелер.
Тек өзіңе бар әнім
Сенші маған сөз берем!
Жанымда бол, болды, өзгелер тіпті сұрамасын
Жүрегім сені таңдады бар жағынан ұнағасын
Сенімен бірге құрамын болашақтың мұнарасын
Кешір бірақ енді өзге сені армандап жыламасын
Жанымда болшы жаным болсада алыс арамыз
Жанымда қалшы сұрарым тым алыстап барамыз
Жанымда болшы жанымда қалшы жанымда менің
Сезімдер суысада жақын болып қаламыз
Жалғыз өзің керексің маған әрдайым яғни үнемі
Сен қатты ұнайсың маған кеудемдегі жүрегім
Қарапайым мінезің маған ұнайды рас айтамын
Жанымда болшы жаным осы ғана бар айтарым.
Жүректі жаралама,
Өзгеге сені бермим.
Көңілге қаяу салма
Қалмашы тек үндемей.
Жанымда бол сұрарым,
Қажет емес өзгелер.
Тек өзіңе бар әнім
Сенші маған сөз берем!