Малика:
Аружан...
Адия:
Ән бойыңды баурап,
Жан тербейтін сезім.
Гульсум:
Әр көңіл күй қылын
Дәл шертетін өзі.
Томирис:
Өлең өмір өрнегі деп білетін
Өнерге шын сенеді.
Малика:
Адалдықтың ақ туын
Тік көтеріп келеді.
Припев:
Аружан жаса,
Биікке самға.
Аружан алға, қолдаймыз сені.
Шаршама, талма, берілме енді,
Аружанмен біз біргеміз мәңгі!
Алуа:
Жүрекке жетер, ән жүректен шықса.
Мақсаты да сол, сен бағыңды ашсаң.
Арианна:
Көздеріме нұр сыйлап,
Көңілдерде күй ойнап сол шақтарда
Малика:
Арман жолға бастайтын жарық жұлдыз сен ғана!
Нурсултан:
Жас кезде өзін іздейді әркім
Дұрыс жолды мен таңдадым бәлкім.
Өмірге тартып, өнерге баулып,
Жұлдызды жаққан кім десең, халқым?
Біліп қой, досым, Аружанды сен
Жүректі жаулап, жанарды тартқан
Аружан аты әлемді шарлар
Өлең оның өмірі, Аружан жаса сен мәңгі!