Қанша жанның ынтық қылған жүрегін
Қанша жүріп әлі таппай жүремін
Ешкімнің де орындамас тілегін
Қатігездеу Алматы
Кәрі таулар тыныштығын күзеткен
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен
Талай-талай бұзықтарды түзеткен
тәкаппарлау Алматы
Қайырмасы
Бірде теуіп,бірде тартар өзіні
Бұл қаладан кете алмайсың безіне
Күлдіріп ап жас толтырар көзіңе
Құбылмалы Алматы
Байлап алар көрінбей-ақ байқамай
Бір ауыз сөз қаларсың ау айта алмай
Жүрегіңде тартып алар қайтармай
Ұмыт болмас Алматы
Қанша жанды адастырып тұрақтан
Талай-талай биіктерді құлатқан
Талай-талай мықтыларды жылатқан
Ерке-шолшаң Алматы
Өткізіп ап талай түрлі сынақтан
Қанша жанды жылатып ап жұбатқан
Көзді тартқан сонау алыс жырақтан
Тым мейірбан Алматы