Жұлдыздай ағамын,
Қаншама армандар өлді түбінде сананың.
Алыстадым бірақ мұны өзім таңдадым,
Ақпанның он алтысын әлі ұмытпадым.
Тоңып барам сондықтан ұмтыламын күнге,
Қанағатсыздың әрдайым қанаттары күйген.
Кешегі жандосың бүгін сенің дұшпаның,
Жүректі ұмыттық ойлап қарынның қамын.
Жеңілген жауынгер,
Тәні өлгенде ғана тізелері бүгілер.
Жүрегім алақаныңда үгітілер,
Өкінер сосын кешірімді өтінер.
Қандасымнан күтем қастандық,
Жүрегім жетім болғандықтан тастанды.
Мастандым, бәрінің назарынан,
Ластандым түк қалмады тазалығымнан.
Елестет көзді жұмып,
Бақытты сәттеріңді.
Барлығын тізіп жазып
Өртегін дәптеріңді.
Өртен, тағы өртен! Жанармайды төгем!
Тарихым күлге айналсын түгел!
Сұлулығың әлемімді көрікті етпес,
Бақытты етер қасіретім қолым жетпес!
Мен саған мұқтажбын...
Сенің жанарың маған антидепрессант.