Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері ай
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді ай
Берекелі қазақ жері ол мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі
Қайырмасы:
Шілдехана бесік той,тұсау кесу сүндет той ай шіркін ай
Құда түсу сырға салу беташарың ай
Алты бақан аясында сұлу бойжеткен
Қыз-бозбала кең далада ән мен күйді тербеткен
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден
Қыз балаға жарасады алқа,шашпау,сәукеле
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін!
Қайырмасы: