Бір вагонда 18 едік баламыз
Батысқа ма шығысқа ма барамыз
Құдай өзі маңдайыма жазған соң
Ауғаныстан деген жерге барамыз...2рет
Есіме алып хат жазамын анама
Осы дауыс құлағыңа бара ма
Екі аяқпен екі қолдан айырылып
Жатқаныма үш ай болды ау далада
Кейде досым хатты жазып береді
Кейде досым көңілімді бөледі
Досым кетсе хат жазатын адам жоқ
Жас өмірім жылауменен өтеді
Екі орыс бір Ноғай бар қасымда
Ортасы жоқ бос тақтай астымда
Мен жыламай кім жылайды тағдырым
Қор болдым ғой дәл 18 жасымда
6 ай болмай мен оралдым ауылға
Ойладым мен болады деп үлкен той
Екі аяқпен екі қолды көргенде
Анам шіпкін теріс қарап кетті ғой
Анам тұрып тіл қатты ғой оларға
Әкетіңдер көрсетпеңдер қалаға
Сол мезетте қарындасым жылаумен
Бетін басып құлай кетті алдыма
Қош болыңдар құрбы-құрдас ағайын
Осыменен хат жазуды тыяйын
Екі аяқсыз екі қолсыз баласыз
Танымаса мен қайтейін анашым...