Асыл әкем, ардағым
Өзіңе ән арнадым
Тірі жүрсем өмірдің
Түсірмеймін салмағын
Өзіңді әркез аялап
Менің үлкен арманым
Асыл әкем, ардағым
Бірің ай да, бірің күн,
Мен жайқалған гүліңмін
Ай мен күннің шуақты
Мәңгі өшпейтін нұрымын.
Асыл анам, тірегім
Сен қымбатсың, білемін
Алақаның аялы
Мейірімді ғой жүрегің
Жаулығыңды кірлетпе
Менің үлкен тілегім
Асыл анам, тірегім
Бірің ай да, бірің күн,
Мен жайқалған гүліңмін
Ай мен күннің шуақты
Мәңгі өшпейтін нұрымын.
Өздеріңді мәңгілік
Жырлап өтем ән қылып,
Сендер барда қасымда
Атар алдан таң күліп
Сендер аман болындар,
мендегі өшпес мәңгі үміт
Құрметтеймін мәңгілік.
Бірің ай да, бірің күн,
Мен жайқалған гүліңмін
Ай мен күннің шуақты
Мәңгі өшпейтін нұрымын.