Асылым
Сөзі: Анар Жаппарқұлова
Әні: Ержан Серікбаев
1) Түн жарымы, ояумын,
Көңілімде қаяу мұң,
Көз алдыма сен келесін аяулым.
Суретіңе арайлым,
Көз алмастан қараймын,
Өзіңді ойлап таң да атырдым талай күн.
Қайырмасы:
Жалындаған жүрек сағынышын жолдайды,
Маған өзге жан дәл өзіңдей болмайды.
Сенсіз өткен жыл, сенсіз өткен әр күнім
Ешқашан орны толмайды...
2)Өмір өзен ағады,
Жүрек дүрсіл қағады,
Арман әні үміт отын жағады.
Асылым-ау асылым,
Сүйем деген асыл үн,
Жанымды өртеп бара жатыр ғашығым.
Қайырмасы:
Жалындаған жүрек сағынышын жолдайды,
Маған өзге жан дәл өзіңдей болмайды.
Сенсіз өткен жыл, сенсіз өткен әр күнім
Ешқашан орны толмайды...