жоқ жаным
саған сенгім келмейді
алдаған соң үмітті
жоқ жаным
саған сенгім келмейді
жараладың жүректі
алтын арай
атқан бір таң
жыр көктеммен құлпырды
келемін мен балбұл жайнап
құшағымда қырдың гүлі
шырын сезім пәк жүрекке
әлем сыйлап тұрғандай
сол сезімді бір-ақ сәтте
су сеуіп бір басқандай
жоқ жаным
саған сенгім келмейді
алдаған соң үмітті
жоқ жаным
саған сенгім келмейді
жараладың жүректі
жанарыңда елжіреген
мөлдіреген көзіңді
өшіремін енді қалай
маған айтқан сөзіңді
асау жүрек асау сезім
басылады қалады
арман жұлдыз алау гүлдер
үзіледі
солады