Қол жетпес көрікті арман, Сезімге серік болған
Сенбісің аққу құсым, Айдынға келіп қонған.
Айтайын жүрек сөзін, Бағыма тілекші өзің
Бұл жүрек сені іздейді, Үлбіреп жібек сезім.
Қайырмасы:
Айым да сен Күнім де сен
Жанымды тербейсің күлімдесең.
Жанымда сен Бағымда сен
Сүймесем сені сәулем, Дәл бұлай сағынбас ем
Арманым аңсатсаңшы, Сырымды сен сақташы,
Жылайды жанарымда, Мөп-мөлдір моншақ тамшы.
Балдәурен тәтті шағым, Сені іздеп көкке ұшамын
Жанымнан жырақ кеттің, Жылытып жат құшағын