Түсінбедім көкешім?,
Өкпеліп не етесің??
Мазамды алып несіне,
Жынға тиіп кетесің???
Сенсіз-ақ та күй кешем,
Қабағыңды түйме сен.
Қарамасаң қоя сал,
Одан ары сүймесең.
Көзден тамсын тағы мұң,
Сен жұбатпа жарығым,
Ұнатпасаң ұнатпа,
Маған енді бəрібір.
Сен емессің аңсарым,
Көп қой əуре-сарсаңың.
Жоламашы жаныма,
Шынымды айтсам шаршадым!!!
Мұңға толып жанарым,
Қатты күйіп барамын.
Ашуымды келтірмей,
Жайыңа кет қарағым.
Шын сүймейсің, себебі,
Өтірігің көп еді.
Жолыңды біл, бар жоғал,
Саған сол ма керегі!!!
АВ. МҰХТАР ЖАҚСЫЛЫҚ