Кешіре алмадым
Сыңарымдай жарастың
Сүйем деп маған тіл қаттың
Айтшы қалай ғана адастың
Ақ жолыңнан қымбаттым
Сүймесең несіне алдадың
Еріткен есіл арманың
Ой санамнан өшіре алмадым
Қ/сы:
Өшіре алмадым,өшіре алмадым
Жүректегі мөлдір мұңды
Өшіре алмадым мен кешіре алмадым
Сен ұрлаған сол бір түнді
Боламыз деп тек бірге
Таңдарымыз қатар атты
Айырбастап әлде кеттіңбе
Ләззатқа махаббаттың
Білмеген сезім бағасын
Кінәлі өзің ғанасың
Жазалмасаң көңіл жарасын
Қ/сы:
Өшіре алмадым,өшіре алмадым
Жүректегі мөлдір мұңды
Өшіре алмадым мен кешіре алмадым
Сен ұрлаған сол бір түнді