Бір көргеннен ұнаттым,
Ұмыта алмай ұзақ түн .
Жалындаған жүректе,
Ғашық отын лаулаттың.
Суретіңе қараймын,
Сағынамын еске алып.
Келбетіңе арайлым,
Құмар қанбай таң қалам
Қ\сы;
Асылым да сен ғана,
Арманым да сен ғана.
Бұл өмірде іздеген,
Махаббатым сен ғана.
Бақытым да сен ғана,
Бақ құсым да сен ғана.
Айдын көлде бір жүзген,
Аққу құсым сен ғана.
Көз алдымда елесің,
Ажарланып жүресің.
Шуақ шашып түсіме,
Жиі-жиі енесің.
Сұлу айдай сүйкімді,
Ұнатамын өзіңді.
Теңеймін мен жұлдызға,
Сан құлпырған жүзіңді.
Қ\сы;