Ай мен күндей сәуле шашқан,
Жаным – ау сенің нұрың.
Басталады үйімде той,
Күлгенде сен құлыным.
Балапаным, алтыным деп,
Бір сені еркелеткен.
Арманы сен ата әжеңнің,
Сағынып көптен күткен. (x2)
Ел намысы, ер намысы,
Дарысын бойыңа.
Өмірде көп қиын сәттер,
Ешқашан мойыма.
Балапаным, алтыным деп,
Бір сені еркелеткен.
Арманы сен ата әжеңнің,
Сағынып көптен күткен. (x2)
Ай мен күндей сәуле шашқан,
Жаным – ау сенің нұрың.
Басталады үйімде той,
Күлгенде сен құлыным.
Балапаным, алтыным деп,
Бір сені еркелеткен.
Арманы сен ата әжеңнің,
Сағынып көптен күткен.
Еліңді сүй, жеріңді сүй,
Қадірле ата – анаңды.
Бұл өмірде бақытты бол,
Қарсы алшы әрбір таңды. (x3)