Көрінбейді көріктім көзің мүлде, Сені ойға алып айтылар сөзім бірде. Сені есімнен шығарам деп жүргенде, Есім шығып кетіпті өзімніңде.
Неше жаз бен күз өтті, неше көктем, Күндерімді аңсаймын кешегі өткен. Әлі есімде, ақпанда біз екеуміз, Аппақ қарды саялап төсек еткен.
Есіңдеме, көп еді арманымыз, Ақ қала, шырша болған жан-жағымыз. Сен сол күннің барлығын ұмыттың ба? Телефонмен атушы еді таңдарымыз.
Сен менің, жүрегімнің жүрегісің, Жүрегімді сағынтып жүремісің. Мен саған, қаншама ән арнап едім, Тым болмаса, біреуін білемісің.
Соңғы рет сені көріп үлгерем бе? Басқаға ілесіпсің жүр дегенге. Қай күні тұрмыс құрып ұзатылып, Қай күні ана болдың білмегем де.
Сезім, басты қайғыға алып тықты, Бір пысық жан өзіңді тауып күтті. Он екі айды баяндап отырғанда, Он екі тал темекі жанып бітті.
Осылай ғашық болғам бір аруға, Әлім жетпей есімнен шығаруға. Жылуын жүрегімнің сезіне алмай, Сұлуым, кезіктірген сыңарында.
Менің ғана жүрегім қайғы алыпты, Ол бақыттан көңілі жайланыпты. Кеше ғана, кеш батса шықпайтын қыз, Отбасы бар әйелге айналыпты.
Өмір ғой, өтер артқа бір қарамай, Келбетіде көркем еді тұнған арай. Тағыда туған күні жақындады, Мұңға батып отырмын мұңдана алмай.
Ұзатылды, естідім, жыламайды, Сезем ол, әлі мені кінәлайды. Біз екеуміз көктемде қоштасқанбыз, Сондықтан, маған көктем ұнамайды.
Ел кезіп кетсем бе екен бір ақындай, Сол кезде, мені бәрі ұғатындай. Адамдар, көктемді көп күтеді ғой, Ал көктем, мені күтіп тұратындай.
Сезімім, сенімімді сатып берді, Қайта іздеп табайын бақытты енді. Қыста келді, келесі мезгіл көктем, Халық танып, жұбатар уақыт келді.
Іздеп сені, тапсам да, бара алмаймын, Мен сол қара жігітпін, ағармаймын. Сұрайтыным, қайтаршы сезімімді, Өзгеге де ғашық боп ән арнайын.
Мойынымдағы тым ауыр шіркін жүктер, Соңғы рет бір көрейін мүмкіндік бер. Енді мен жар болатын жан іздеймін, Айналамда толып жүр бір түндіктер.
Баяғы Бақдәулетке қайта алмаймын, Жанымды жеп жүр менің байқалмай мұң. Сағыныш оты бір күн сөніп қалар, Қызғаныш отын бірақ айта алмаймын.
Күйіп барам, досым-ау Жолдасбегім Ғашық адам ұмытпай оңбас дедім. Көгершінім, әлі де сені ойлаймын, Сен болмасаң, мен ақын болмас па едім.
Адам, адам қартаяр жасармайды, Мені қыйнап, сүйреп жүр асау қайғы. Жүз арумен жатсамда аймаласып, Сенің тәтті ерніңнен аса алмайды.
Саған өмір, керектің бәрін берген, Жанарымды жасырдым жалын көрген. Таң қаларым, күйеуің сүйіп жүрген, Ерніңнің, мен бірінші дәмін көргем.
Өтті-кетті, бәрі де оралмайды, Өкінгенмен, еш пайда бола алмайды. Артық айтсам ақылдым айып етпе, Сенің жүзің жүректе, жоғалмайды.
Қатайғаны сезілді қанатымның, Сонда да сені ойласам уайым жұтам. Сен үшін, көзімді ілмей таң атырдым, Ал ендеше ұйықтаймын, Қайырлы таң! Invisible to the naked eye, I have no words to think of you. When I'm trying to forget you, My name is on me.
How many summers and autumns have passed, how many springs, I miss my days yesterday. I still remember that in February we, He made his bed in the white snow.
Remember, we had many dreams, We were surrounded by a white city and a Christmas tree. Did you forget all that day? We would be surprised if the shooter was on the phone.
You are the heart of my heart, You do not miss my heart. How many songs have I dedicated to you, You don't know at least one.
Will I have time to see you one last time? That you are following someone else. On what day do you get married, I don't know when you became a mother.
Feelings of grief, A smart man found you and waited. While reporting twelve months, Twelve cigarettes were burned.
I fell in love with a beauty like that, I can't remember. Unable to feel the warmth of my heart, Beautiful, as if met.
Only my heart is sad, He was happy. Only yesterday, a girl who doesn't come out late, She became a married woman.
Life does not look back, The appearance of the lion was artistic. Birthday is approaching again, I'm sad, I can't be sad.
Prolonged, heard, does not cry, I feel he still blames me. We said goodbye in the spring, Therefore, I do not like spring.
I want to travel around the country like a poet, At that time, everyone seemed to understand me. People are looking forward to spring, And spring is waiting for me.
My feelings bought my faith, I am happy to look for it again. Winter has come, the next season is spring, It is time for people to recognize and comfort.
I can't go looking for you, even if I find you, I'm that black guy, I'm not white. I beg your pardon, I will sing in love with others.
Ugly burdens on my neck, Let me see you one last time. Now I am looking for a soul mate, There are a lot of nights around.
I can't go back to the same Bakdaulet, My unseen sorrow eats my soul. The fire of longing will be extinguished one day, Jealousy, but I can not say.
I'm on fire, my friend Zholdasbegim I said that a person in love is a good person. Pigeon, I still think of you, If it weren't for you, I wouldn't be a poet.
Man, man does not grow old, It is a grief that torments and drags me. When I lay down with a hundred beauties, It can't go beyond your sweet lips.
He gave you life, everything you need, I hid my soul and saw the flame. I wonder if your husband is in love, Lips, I tasted for the first time.
Gone are the days, not everyone will return, Regret, it can not appear. Don't blame me for saying too much, Your face is in the heart, it will not disappear.
My wings felt stiff, Still, I'm worried about you. For you, I was amazed without closing my eyes, And then I'll sleep, Good morning! | |