Қараушы едің күлімсіреп
Жүрегімнің төрінен
Бүгін міне бірінші рет
Қоштасамын сенімен
Неге сені көрдім
Неге сәлем бердің
Неге ояттың сезімді
Неге-неге құрбым
Ойға шомып тұрдың
Еске салып менің мұңлы кезімді
Еске салып менің мұңлы кезімді
Әнмен жалғап өмірімді
Кетем ертең мен жырақ
Өзіңе іңкәр көңілімді
Аңғармайсың сен бірақ
Неге сені көрдім
Неге сәлем бердің
Неге ояттың сезімді
Неге-неге құрбым
Ойға шомып тұрдың
Еске салып менің мұңлы кезімді
Еске салып менің мұңлы кезімді
Елге бұрған жарасымын
Жан сарайы үлгілі
Сау бол қазақ даласының
Тасада өскен бір гүлі
Неге сені көрдім
Неге сәлем бердің
Неге ояттың сезімді
Неге-неге құрбым
Ойға шомып тұрдың
Еске салып менің мұңлы кезімді
Неге-неге құрбым
Ойға шомып тұрдың
Еске салып менің мұңлы кезімді
Еске салып менің мұңлы кезімді