Төреғали Төреәлі - Сені-сені (2016)
Аққудай көлдегі, ақ гүлдей жердегі
Жанымды баурады сұлулық сендегі
Сендей жан көрмедім өмірге келгелі
Өмірім өзгерді өзіңді көргелі
Қайырмасы: (2 рет)
Сені сені сені көрегелі
Жаным қашан тебіренбеді
Сені сені сені көргелі
Сезім тулап маза бермеді
Тәтті арман мендегі, сыңарым сен деді
Көңілдің көркемі, өмірдің өрнегі
Еркелеп күлгенің, жүректі тербеді
Өзімде өзгердім, өзіңді көргелі
Қайырмасы:
Сені сені сені көрегелі
Жаным қашан тебіренбеді
Сені сені сені көргелі
Сезім тулап маза бермеді