[www.Kaz-Muz.Kz]
Төреғали Төреәлі - Қимай тұрмын (2016)
Қоштасар уақыттың жеткені ме
Сынаптай сағаттың өткені ме
Сағынып жетермін елім саған
Орманын аңсайды көк бөрі де
Мен өзім берікпін әр сертіме
Ән кешін қалдырып ән шеркіне
Жиналған жұртыма көп рахмет концертіме
Қайырмасы:
Қимай тұрмын, қимай тұрмын
Өз-өзіме сыймай тұрмын
Тағы келем, тағы келем
Қазағымның әніменен
Ризамын қартымын, жастарыма
Ашықтық тілеймін аспаныңа
Жаратқын бергенше таудай талап
Бармақтай бақ берсін бастарыңа
Қоштасқым келмейді махаббатпен
Уақыттың талабы қатал әттең
Шығарып салыңдар сахнадан, шапалақпен
Қайырмасы:
Қимай тұрмын, қимай тұрмын
Өз-өзіме сыймай тұрмын
Тағы келем, тағы келем
Қазағымның әніменен
[www.Kaz-Muz.Kz]