Торегали Тореали – Ана-Аке
Тәрбие- тәлім берген,
ақ сүтін, нәрін берген,
Анадай жоқ мейірімді жан,
сәби деп жанын берген.
Қасиеті қаныңды өрген,
өсиеті жалын берген
Әкедей жоқ қайырымы жан,
қолдағы барын берген.
Анашым-әкем,
құламайтын тіректерім
Баласын ойлап,
мың орайтын жүректерін,
ана-әке.
Анашым-әкем,
жанарыңа түнелтпе мұң
Жадырап күлсең,
талабыма гүл еккенің,
ана-әке.
Болса екен басың аман,
әкешім, асыл анам
Күлімдесе келбетіңнен
күн нүры шашыраған
Аялап,асыраған,
әкешім, асыл анам
Бар байлықтан қымбат оның
бір ақ тал шашы маған