Қинама мені, қинама менің жанымды!
Тапқанда әрең өзіңдей бақыт, бағымды.
Арайлап атқыз, Арайым менің таңымды,
Сен үшін берем, қолдағы қымбат барымды!
Айтуға қиын, мендегі саған сезімді,
Өзім де жүрдім сынап бойдағы төзімді.
Барынша көрдім, тексеріп қана өзімді,
Айтайын енді, ақырғы, ақтық сөзімді.
Тексергенімнен шығарған менің қорытындым
Жақсы көремін, сүйеді екем өзіңді!
Санамда жүрген, сұрағым менің бір ғана,
Сүйкімдім менің, сұлуымсың ғой сен дара.
Арайлым менің, сен екенсің ғой бақ-құсым
Келеғой енді, жүзіңмен маған нұрлана!
Тал шыбықтай бұралған ақ қайыңым,
Сағынамын, естімесем балдай үнін.
Енді мені түсінсең болғаны да...
Жүрегімнің болғайсың - Патшайымы!!!
© Текесбай Елгелді