1) Ал 1 2 3 қосулы тұр апарат
Бала кезден өлеңге бар Махаббат
Келіп тұрған араңа \
Тамырландай балаңа \
Тағыда бір ұрыңыздар шапалақ \ 2 рет
2) Шан шуытпай еркелетіп маңдайға
Той жасайтын бар байлығын арнауда
Қызын гүлдей баптаған \
Ұл үмітін ақтаған \
Əкемізге бір қол соқсақ болмайма \ 2рет
3) Соғып тұрар жүрек деген кезегет
Ұғынарсың бар қадірін өсе кеп
Жылап жатса оянған \
Тыңда бесік таянған \
Анамызға қанекей бір қошемет \ 2рет
4)Жиенінін көрген талай айласын
Жолын бірак оның қалай байласын
Бар сыйлықты əкелер \
Тойды бимен көтерер \
Нағашымен Жиен-бөле қайдасың \2рет
5) Мың жыл бойы туысымдеп мойыңдар
Өткізетін қонақ болып тойым бар
Қыз алысып қыз берген \
Құда болған сіздермен \
Құдаларға бір қол соғып қойыңдар \2рет
6) Той болғанда жандарыңнан табылар
Жұмыс болса бірге жасап жабылар
Апалармен жезделер \
Агалармен жеңгелер \
Қол соғайық осы жерде тағы бар \2рет
7) Доссыз өмір арқашанда бекер шың
Олар жоқта қалай тірлік етерсің
Осы тойды күшті қып \
Биды билеп ысқырып \
Құрдастармен достар тағы көтерсін \2рет
8) Жас жұбайлар бір жүрекке сыйғасын
Езулерін шын бақыттан жыймасын
Осы əулетке немере, содан кейін шөбере \
Əр жыл сайын жалықпастан сыйласын \2рет
9) Келіндерін болмасыншы ұрысқақ
Күйеу бала алда жүрсін Туу ұстап
Бауыр бүтін бас аман \
Осындай той жасаған \
Ата-Анага қол соғайық дұрыстап \2рет
10) Аман жүрсін ақ жаулықты Анамда
Аман жүрсін Ақ көйлекті ағамда
Көрсеттімғой өнерді \
Аяқтайын өленді \
Бір қол соғып қойыңыздар мағанда \2рет