С: Жабығып жүрген жан едім,
Жалғыздық кімге жарасқан.
Кездессе деп едім бір бақыт,
Айменен көркі таласқан.
М: Ашылып сана сен кірдің,
Жер беті кетті нұрланып.
Әр сөзі тілек жақсылық,
Қараумен болдым нұрланып.
Қайырмасы:
Күз болып күттім, өтті ызғар,
Санамда жылы жақ маздар.
Айдын ау қайда аққулар,
Айналам толы ақ қаздар.
Сағынышымсың сен менің,
Білсең ғой қалай шөлдедім.
Іздедім қанша іздедім,
Өзіңді қайта көрмедім.
М: Сен маған енді кездеспей,
Қалпыңда осы қал, күнім.
Ойымда менің жоқ сұрақ,
Өзгенің қимас алтынын.
С:Сен маған енді кездеспе,
Жырлаумен өтсін әр күнім.
Осынау жердің бетінде
Бір асыл жанның барлығын.
Қайырмасы:
Күз болып күттім, өтті ызғар,
Санамда жылы жақ маздар.
Айдын ау қайда аққулар,
Айналам толы ақ қаздар.
Сағынышымсың сен менің,
Білсең ғой қалай шөлдедім.
Іздедім қанша іздедім,
Өзіңді қайта көрмедім.