Айдын көлім ақ көлім айна көлім
Көк жағаңды жасымнан жайлап едім
Бүгін барсам орныңды оу таба аламба
Айна көлім айдыным қайда менің
Ахау ахау
Айна көлім айдыным қайда менің
Ахау ахау
Айна көлім айдыным қайда менің
Айдыныңнан аққулар кеткеніме
Қаз үйректер қона алмай өткеніме
Кім байлады бағыңды оу айтшы маған
Арман қайғы жүрекке жетпедіме
Ахау ахау
Арман қайғы жүрекке жетпедіме
Ахау ахау
Арман қайғы жүрекке жетпедіме
Тоғайыңда адасқан қызыл елік
Жаутаңдайды жабырқап мені көріп
Толқымадың қайтейін кетейінбе
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
Ахау ахау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
Ахау ахау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
Айна көлім айдыным қайда менің