Анашым жан ана
Ақ сүтіңді ақтай алмай келемін
Қалай ғана ауырмасын жүрегім
Бәрінде білемін сенсің менің тірегім
Жырлап сені жүремін тек жүремін
Жан анашым ұзақ болсын өмірің
Күн нұрындай жарқырасын көңілің
Аналық сезімің қарашығы көзіңнің
Сөндірмессің мәңгі тәңірім, тәңірім
Ақ шашыңның әрбір талы жан ана
Қымбат білсең ақ сүтіңдей бал ана
Мұңайып жылама аман есен жүр ана
Көкейіңде бәрі бәрі тұр ана
Жан анашым ұзақ болсын өмірің
Күн нұрындай жарқырасын көңілің
Аналық сезімің қарашығы көзіңнің
Сөндірмессің мәңгі тәңірім, тәңірім
Жан анашым ұзақ болсын өмірің
Күн нұрындай жарқырасын көңілің
Аналық сезімің қарашығы көзіңнің
Сөндірмессің мәңгі тәңірім, тәңірім