Ақ дидарың-ай сенің,ақ дидарың-ай
Көңілімде сеземін от күй бар еркем-ай
Жүрегімді сен неге көп қинадың-ай(2 рет)
Ақ дидарың-ай
Қас-қабағың ай сенің,қас-қабағың ай
Жанарыңа қарауға жасқанамын еркем-ай
Ару қызы сен бе едің Астананың-ай(2 рет)
Қас-қабағың ай
Назды күлкің-ай сенің,назды күлкің-ай
Назды күлкің кеудемнің жазды бұлтын еркем-ай
Сүйем деген айтармын сөзді бір күні-ай(2 рет)
Назды күлкің-ай
Қыпша белің-ай сенің,қыпша белің-ай
Көжегінің қоянның ұқсап едің еркем-ай
Екі тілек бір жерден шықса дедім-ай(2 рет)
Қыпша белің-ай
Көз қарасын-ай сенің,көз қарасын-ай
Көрмедің бе қазақтың боз баласын еркем-ай
Неге сонша жымиып назданасың-ай
Қайтем енді маңдайға жазбағасын-ай
Көз қарасын-ай
Мәз боласың-ай
Назданасың-ай