Қайран әке, жастығын тез ұрлатқан,
Мойымай нала шаққа.
Көңіліме нұр құйып, көзімді ашқан,
Жол сілтеп болашаққа.
Айтқан ақыл, салмақты сөзің мақтан,
Бастаған парасатқа.
Жүрміз әлі жан әке, өзің жаққан,
Жылынып сол ошаққа.
Қайырмасы:
Бақытыма бастар таңым
Жылы ұшырап жылы шуақ шашқан таңым
Көркі болған жақсы ортаның
Әкетайым арқа сүйер асқартауым
Қайран әке, жаны – жаз, сөзі – көктем,
Жүруші едік көп еркелеп.
Қалдым бүгін жақсының көзі болып мен,
Ержетіп тек ертерек...
Тағдырына ұл-қызың төзім еткен
Жаратқан берген көмек!
Жүрміз әлі, жан әке, өзің еккен
Еменді көлеңкелеп...
Қайырмасы:
Бақытыма бастар таңым
Жылы ұшырап жылы шуақ шашқан таңым
Көркі болған жақсы ортаның
Әкетайым арқа сүйер асқартауым асқартауым
Айтқан ақыл, салмақты сөзің мақтан,
Бастаған парасатқа
Көңіліме нұр құйып, көзімді ашқан,
Жол сілтеп болашаққа