Бал-бұл жанып жүздерiмiз
Жан емеспе ек бiздер егiз
Жастық шақтың еншiсiнде
Жатыр сайрап iздерiмiз
Елеңдеумен хабарыңа жас iркiдi жанарыма
Тағдыр бiздi жақындатпай
Алыстатып барады ма
Үмiттiң шын солғаны ма
Шашқа қырау қонғаны ма
Кездеспей-ақ кетемiз бе
Өмiр атты жолда мына
Елеңдеумен хабарыңа жас iркiдi жанарыма
Тағдыр бiздi жақындатпай
Алыстатып барады ма
Жауабы жоқ сұрақтың да
Қалам жиi тұнып мұңға
Мүмкiн емес ойламауын
Шынымен-ақ ұмыттың ба
Күндер қайда алып ұшпа
Жүрсiң күнiм сен қай тұста
Сезiмдерiм тамшы болып
Айналғандай сағынышқа
Елеңдеумен хабарыңа жас iркiдi жанарыма
Тағдыр бiздi жақындатпай
Алыстатып барады ма
Жауабы жоқ сұрақтың да
Қалам жиi тұнып мұңға
Мүмкiн емес ойламауын
Шынымен-ақ ұмыттың ба
Жауабы жоқ сұрақтың да
Қалам жиi тұнып мұңға
Мүмкiн емес ойламауын
Шынымен-ақ ұмыттың ба