Арманым-ай
Cаған жетіп шаттығым шырқалған ба?
Сүйіп құшып мейірім бір қанған ба?
Сен ұшқырсын қанатты сұңқарданда,
Сен жүйріксің тұйяқты тұлпарданда.
Ғажайыпсың өмірдің төріндейсің,
Төңкерілген төбемде күнімдейсің.
Ойым ғана сенімен жолығатын,
Ұстатпайсың ешқашан көрінбейсің.
Қайырмасы
Арманым-ай андасанда алдағайсың,
Мен қуайын,бйікке самғағайсың.
Әйтеуір жапалақтай жар басында,
Қапыда қолға түсіп қалмағайсың 2.
Соңғы қайырмасы++
Сен тәттісің майдағы ақ балданда,
Сен жарқынсың күннен де , ақ таңнан да.
Қасымдасың түнімен көз ілмесем,
Жанарымда тұрасың шаттанғанда.
Қайырмасы
Арманым-ай андасанда алдағайсың,
Мен қуайын,бйікке самғағайсың.
Әйтеуір жапалақтай жар басында,
Қапыда қолға түсіп қалмағайсың 2
Сөзі: Серікбай Оспанов
Әні: Жеңіс Сейдуллаұлы