Соғыс ардагерлеріне арнаймын
Қара жауыз қара қолын біріктірді,
Ойран салып, елімізді дүрліктірді,
Кәріге де, сәбиге де қарамады,
Қырып жойды, ешбіреуді аямады.
Қанша адам сол соғыстан оралмады,
Қанша ана бауырларын көре алмады,
Қанша адам сол соғыстың зарын жұтты,
Қанша адам сол соғыстың соңын күтті!
Бұл немене, сатырлаған қызыл оқ па,
Бұл немене, шашыраған қызыл шоқ па,
Жоқ, бұл біздің мерекелі салютіміз,
Ең қадірлі, ең қымбатты минутіміз.
Қайырмасы:
Соғыс құрысын, ешуақытта басталмасын,
Ешбір елді, ешбір ұлтты бас салмасын,
Аспанымыз күн нұрына тола берсін,
Ауызбірлік, түсіністік бола берсін!