Адамды сұм ажал күте ме екен,
Менімен жүрші деп түрте ме екен,
Неге адам, неге адам өйтед екен,
Неге ерте өмірден кетед екен?
Тағдырдың жұмысы солай ма екен,
Біздерді әдейі сынай ма екен,
Біздерді әдейі қинай ма екен,
Ал, соған әр адам шыдай ма екен?
Түсімде мәз болып келесің ғой,
Жаным деп бетімнен сүйесің ғой,
Үңіліп жүзіме қарайсың ғой,
Жақсы ма халің деп сұрайсың ғой.
Қайырмасы:
Еңіреп сенімен қоштасқанда,
Сенделіп, ақылдан адасқанда,
Болды ғой аспаннан бұлт төнгендей,
Болды ғой жоқ болып күн сөнгендей.
Болды ғой қара жер айналғандай,
Болды ғой ауыр құм жиналғандай,
Болды ғой қызыл өрт жалмағандай,
Ештеңе маңайда қалмағандай.