Демалыс деп төсегіңнен
Рақаттанып тұрмасаң,
Бет-аузыңды жылы сумен
Жақсы етіп жумасаң.
Шығып алып банкоматқа
Ала сала бармасаң,
Сарт еткізіп, басып қалып,
Айлығыңды алмасаң.
Одан шығып шаштаразға,
Тоқтай қалып соқпасаң,
Шашыңды алып, жағыңды алып,
Жеп-жеңіл боп шықпасаң.
Одан шығып ақ моншаға
Тіп-тікелей тартпасаң,
Сыпыртқымен парнойында
Сабаланып жатпасаң.
Одан шығып тойханаға
Достарыңмен кірмесең.
Думан құрып, асыр салып,
Ойнап-күліп жүрмесең.
Одан шығып жас қыздардың
Соңдарынан ермесең,
Алдап - сулап ең сұлуын
Қармағыңа ілмесең.
Қайырмасы:
Онда, онда, онда өмір
Айтшы, қызық бола ма,
Онда, онда сол өмірге
Көңілің сенің тола ма?