Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
.
Бір қарауға шыдармын шыдағанға.
Жарқыныңды, жалынды сүймек тұрмақ,
Жақындауға қиын ғой тірі адамға.
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Қарттық та бір келеді тірі адамға.
Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған,
Жастығыңның жалауы құлағанда.
Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.
Жолатпайсың қасыңа оттай болып.
Көзқарасың түседі шоқтай қарып.
Бірте-бірте кетерсің бір еркектің,
Ошағына жанатын отқа айналып.
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Қарттық та бір келеді тірі адамға.
Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған,
Жастығыңның жалауы құлағанда.
Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.